Ауа толтырылған қамалмен бірге жел ұшырып әкеткен қыз әкесінің көз алдында қайтыс болды
Эссектегі жәрмеңкеде ауа толтырылған сарайда ойнап отырған 7 жасар қызды ұйытқыған жел көтеріп, ұшырып әкеткен. Табиғаттың күшіне қарсы ештеңе істей алмаған Саммер Гранттың әкесі сол уақытта қамалмен бірге ұшып кеткен қызының төбеде қалықтап жүргенін бақылап тұруға мәжбүр болды.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жүрегі шығып кете жаздаған әкесі «Онда менің қызым бар!» деп айқайлап, тіпті ойыншық қамалға қуып жетпекші болып, оны тоқтатуға тырысқан. Өкінішке орай, ол жел екпіні ұшырып әкеткен қызын қуып жете алмады. Аттракцион қоршауға соғылмас бұрын 300 метр жерге дейін ұшқан. Ойыншық қамалдың ішінде болған қыз түрлі жарақаттар алып, медициналық көмек келіп жеткенше көз жұмды.
Қыздың өліміне дауыл ескертуге қарамастан аттракционды дұрыс орнатпаған жәрмеңке ұйымдастырушылар- Уильям мен Шелби Терстондарды айыптап отыр. Ерлі-зайыптылар қатты жел соққан кезде қамалды алып тастағылары келгендерін айтты. Бірақ олар 7 жасар қызға тағы да бірнеше минут ойнай тұруға рұқсат беруді шеккен. Уильям жел ұшырып әкеткен сарайға жетіп, ауыр жарақат алған бүлдіршінді өзі алып шыққан.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты Терстондар қастандықпен өлтірмеген өлім үшін айыпталуда. Сонымен қатар, оларға өздерінің қызметтік міндеттерін орындамады деген айып тағылды. Уильям мен Шелби өздерінің кінәсін жоққа шығарып, аттракционның дұрыс орнатылғанын айтты. Олардың пікірінше, Саммердің өлімі оқыс оқиғаның нәтижесінен орын алды.
Айта кетейік, бұл іс бойынша жүргізілген сот талқылауы тағы үш аптаға созылады.