Ауа райына байланысты бірнеше аймақта тас жолдар жабылды

Қазавтожол ауа райына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысы
2026 жылғы 8 наурыз сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен "Эко Ойл" жанармай құю станциясына дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізіледі.
13:50-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Атырау – РФ шекарасы (ө/п Курмангазы) 11–104 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан – Қандыағаш қаласына дейін) жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.
14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Карабутак" автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабутак кенті — Қостанай облысының шекарасы) жабылды.
"Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы" автожолының 526 — 702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ кенті — Батыс Қазақстан облысының шекарасы) шектелді.
2026 жылғы 8 наурыз сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарабұтақ кенті) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізіледі.
2026 жылғы 8 наурыз сағат 13:50-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Атырау – РФ шекарасы (ө/п Курмангазы) 11–104 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан – Қандыағаш қаласына дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізіледі.
2026 жылғы 8 наурыз сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965–1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Ақмола облысы
"Астана — Қарағанды — Алматы" автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек жолы ауылы — Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы
- "Астана — Қарағанды — Алматы" автожолының 92 — 164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақылы жол бақылау пункті).
Жолды 2026 жылғы 08 наурыз сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы
"Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Карабутак" автожолының 234-385 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка кенті).
"Қостанай — Әулиекөл — Сұрған" автожолының 8-108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Әулиекөл кенті);Жолды 2026 жылғы
Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы- Ақтөбе облысы шекарасы).
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік