Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа райына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысына шектеу енгізілді

көлік

“ҚазАвтоЖол” ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысы:  

 "РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы" автожолының 59-143 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).

Жамбыл облысы:  

 "РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы" автожолының 143-214 шақырым аралығы (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы).

Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 02:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

2026 жылғы 8 ақпан сағат 17:45-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен ЭКО ойл жанармай стансасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады. 

Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Ақпан, 2026 18:17