Ауа ластанғанда түсін өзгертетін киім ойлап табылды (видео)
Америкалық дизайнер Николас Бентель ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты.

Бентель негізін қалаған Aerochromics компаниясының коллекциясында әзірге жеңі ұзын үш жеңіл жейде бар. Олардың бірі ауадағы иіс газы концентрациясының жоғары болуын, екіншісі ауаның қатты микробөлшектермен ластануын, үшіншісі ауаның радиоактивті заттармен ластануын анықтайды.
Николас Бентельдің сөзіне қарағанда, футболкалар өз иесі мен оның қасындағы адамдарды қоршаған орта ауасының сапасы жайлы хабардар етуге бағытталған. Әр жейденің құны шамамен 500 доллар.
Жіберіп алмаңыз:
Британдық студент жолақысын төлеуге арналған маникюр ойлап тапты
Испаниялықтар көзілдірік арқылы селфиге түсуді ойлап тапты
Филиппиндік көлікті жағармайдың орнына сумен жүргізуді ойлап тапты
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды
Қазақстандықтар әуежайда "халал" деп сатылған есек сүтіне күмән келтірді
Желі қолданушысы: “Есек сүті, ит еті халал болып жатса, жағдай қиын”