Испаниялықтар көзілдірік арқылы селфиге түсуді ойлап тапты
Селфиге түсу едәуір жеңілдей түсті. Испанияда WeOn атты стартап күнге киетін көзілдірікпен селфиге түсіруді ойлап тауыпты.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Бұл үшін тек көзілдірікті киіп, оның жақтауының оң жақ шетіндегі қос тетікті бассаңыз жетіп жатыр. Сол кезде сіз смартфоныңызды басқарып, селфиге түсе аласыз. Тіпті оның барысында смартфоннан 60 метрге дейін қашықтауға болады.
«Селфиге түсудің жолын өзгерткіміз келеді. Ал көзілдірік – біз үшін үйреншікті зат, біз оны кез келген жерде киіп жүре аламыз. Сол себепті біз монопод немесе селфи-таяқша сынды сорайған құралдан арылу үшін көзілдірікке кіріктірілген осындай құрылғыны ойлап таптық», – дейді WeOn компаниясының негізін қалаушылардың бірі.
WeOn көзілдірігінің әйнегі құрамында жоғары сапалы линзалары бар өте мықты, бірақ жеңіл поликарбонаттан жасалған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"