Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Қайрат Жамалиев түрмедегі уақытын қалай өткізіп жатыр

Қайрат Жамалиев абақтыда отырған 4 ай ішінде екі рет туыстарымен кездесуге мүмкіндік алған. Екеуінде де оған заңды некедегі әйелі Алена Жамалиева келіпті.

0f734e9afd08c74533d1873ee6ce917a-big

Сурет: forbes.kz 

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қазір атышулы астаналық бизнесмен Алматы облысындағы «Ла 155/8» қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр.

Түзету мекемесінің басшысы Нұрлан Қалиақбаров Жамалиевтің әзірге тәртіп бұзбағанын, әр түрлі мәдени-бұқаралық шараларға белсене қатысып жүргенін айтады. Қатардағы сотталушылар тәрізді кезекшілікке тұрып, тазалық жұмыстарымен де айналысады екен. Бос уақытында шахмат ойнайды. Тек Қайрат Жамалиевтің өзі тілшілерге сұхбат беруді қаламады. Алдағы уақытта оның тағы да 3 рет туыстарымен жүздесуге құқығы бар.

“Жамалиев 4 ай бұрын келді. Басында оқшаулау бөлмесінде отырды. 15 күннен кейін жалпы режимдегі сотталушылар қатарына қосылған, 8 отрядқа. Шахмат ойнайды, спорттық шараларға қатысады. Кезекшілік тәртібі бойынша барлық істерге тартылады”, – дейді «ЛА-155/8 мекемесі» РММ басшысы Нұрлан Қалиақбаров.

Еске салсақ, былтыр танымал кәсіпкер 46 жастағы Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша айып тағылды. Нақтыласақ, бизнесмен азаматтық некедегі әйелінің танысы Әліби Жұмағұловты сыбайластарымен бірге ауыр соққыға жыққаны үшін істі болды.

Сондай-ақ, оның барлық мүлкі тәркіленген. Lamborghini Gallardo спорткары өткен аптада аукционда 30 млн теңгеге сатылды. Тағы екі VIP санаттағы қымбат көлігі комиссияның шешімімен мемлекеттік органдардың меншігіне өткен. Қазір кәсіпкердің 5 бірдей фирмадағы үлесі есептеліп, бағаланып жатыр.

 

Талқылау