Атыраулық жүргізуші аязда адамдарды тегін тасып жүр (видео)
Атыраулық көлік жүргізуші адамдарды аязға байланысты тегін тасып жүр. Ол өзінің қайырымдылық акциясына «Атырау – мейірім қаласы» деген ат қойып алған. Бұл туралы «Мой ГОРОД» хабарлады.
«Атырауда автобус жетіспейді. Жергілікті билік бұл мәселені шешіп жатқан кезде аялдамаларда аналарымыз бен қарындастарымыз, оқушылар аязға тоңып тұр. Шамамыз жеткенше оларды үйлеріне жеткізіп тастайық»,-деп жазады Instagram қолданушысы.
Тіпті, желіге мейірімді жүргізуші туралы видео да жарияланды.
Атыраулық азамат қаладағы такси жүргізушілерін және барлық мейірімді адамдарды аталмыш акцияға қатысуға шақырды.
Ол адамдардың мұндай қайырымдылыққа таңданыспен қарайтынын да жеткізді.
Оның айтуынша, тегін тасимыз дегенді естігендер түсінбей қалып қайтадан сұрайды екен.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбедегі өрт: 52 адамның 32-сінің аты-жөні белгілі болды
Алматы облысында 12 жасар қызды қонақ үйде зорлаған күдікті ұсталды
16 жасар бала 7 сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасап, мектепті өртеп жібермекші болды (видео)
Өзбекстан әскері қалайша Орталық Азиядағы мықты державаға айналды