Өзбекстан әскері қалайша Орталық Азиядағы мықты державаға айналды

Global Firepower мәліметтеріне сәйкес, Өзбекстан 2015 жылы Орталық Азиядаға мықты державаға айналды. Бұл ел әлем елдері бойынша 48 орында тұр.

Фото: Өзбекстан республикасының Қорғаныс министрлігінен

Өзбекстанның қорғанысқа кететін шығыны 2018 жылы ЖІӨ-нің 4 пайызына дейін және 1,4 млрд долларды құрайды. Өзбекстанның Қорғаныс күші 60 мың  адамнан тұрады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 9 қаңтарда «Өзбекстан елінің доктринасы» туралы заң қабылдады.

Мирзиёев бір жыл бойы қарулы күштерді, Қаттақорған полигонын, Қорғаныс министрлігінің бөлімдерін, әр аймақтағы әскери бөлімдерді бақылап жүрді.

Президент әскери басшыларын биылғы жылдың қатаң сынға түсетін уақыт екенін ескертті.

Ел президенті әскери модернизациясын қалыптастырып, қорғаныс-өндірістік кешен құру үшін шетелден тәжірибе алуға ниетті. Шетелдік әріптестерімен 13 «Жол картасы» әскери-техникалық әріптестік орнатты.

2014 жылы Путин Өзбекстанға келіп, әскери-техникалық әріптестік жөнінде келісім жасалды.

Алдағы он жылдықта Ресей Өзбекстанға қару мен техника жіберілетін болады. 2017жылдың аяғында екі ел келісім жасасып, Өзбестан Ресейден 12 Ми-35 ұшағын сатып алатын болды. Бүгінде жүздеген өзбек офицерлері Ресейге келіп, дәріс алуда.

Өзбекстан 2018 жылға Әзірбайжанмен келісім жасасты. Қазақстаннан да Өзбек еліне бронетехнка жеткізіледі. Қытаймен де әскери білім саласы жөнінде әріптестік орнаған.

Жоғары квлификациялы мамандар көптеген ұлттық мәселені шеше алады. Елде кәсіби офицерлерді дайындау, шет тілі мен орыс тілін меңгеруге көңіл бөлінеді.

Әскери азаматтардың әлеуметтік тұрмысы, отбасы мен ардагерлерге жағдай жасалған. Жыл сайын әскерилер баспанамен қамтамасыз етіледі.

Шавкат Мирзиёев әскери оқу орнына түсетін жастарға көп жеңілдік қарастырды. Үкімет әлі де қосымша шараларды іске асыруда. Мемлекеттің бұлайша қол астына алуы өз нәтижесін беріп жатыр. Жастар арасында әскери қызметке қызығушылар саны көп.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты

Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар