Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

Оқиға 15 желтоқсан күні сағат таңғы алтыда Құрманғазы ауданының Мақаш ауылында болған.

volkodav

Мақаш өндірістік кооперативі «Сардар баба» фермасының аға шопаны Әнуар Құбаев қорасына келген түз тағысын айырмен түйреп, көзін жойған, деп жазады atpress.kz.

«Ит үрген соң ұшып тұрдым. Бір қасқыр қорадан ішке қарай секіріп бара жатыр екен. Мен де жетіп барып, аула есігінің алдындағы айырды ұстап, қораға қарай жүгірдім. Қасқыр да мені байқап қалып, маған қарай секірді. Сол кезде қасқырдың тістері қолыма қадалғанын сездім. Қасқырды бар пәрменіммен итеріп шегінген кезде екінші қолымдағы айырды мойын тұсына шаншып қалдым. Бірақ, ол қайтадан тұруға талпынды, тұмсықтан жақсы етіп екі-үш рет беріп жібердім», – дейді шопан.

1

Осылайша шопан қорадағы 700-ге жуық қойын қасқырдан аман алып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

35 жастағы азамат екі қасқырды ауласында ит орнына асырап отыр

Қырғызстанда үйге кіріп кеткен қасқыр балаға бас салған

Иесінің күшік кезінен асыраған иті қасқыр болып шыққан (фото)

Талқылау