Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды
Облыстық ҰҚК департаментіне бопсалаушылық жөнінде шағым түскеннен кейін, 13 қазанда «ҚазАвтоЖол» бөлім басшысы ұсталған.
Шағымданушының хабарлауынша, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басшылығындағы адам өз компаниясына қорғаушылық таныту мақсатында ақша талап еткен.
«Облыстық прокуратурамен бірден жасырын тергеу әрекетіне санкция берілген. Нәтижесінде деректер расталды. Мердігер компаниядан арадағы делдал арқылы 73 300 АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ-ның АОФ бөлім басшысы ұсталды», – деп хабарлайды Сыбанқұлов.
Оның сөзіне сәйкес, «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері келісім шарттарға қол қойғаннан кейін, мердігер компаниядан пара түрінде ақша талап еткен.
Күдіктілер Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4 бөлігіне сай (пара алу)қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істің тергелуі прокуратура бақылауына алынды.
Жіберіп алмаңыз:
Тараздық полиция қызметкері параны дәмхана мен монша төлемі ретінде алып келген
ІІД: Балтамен қаруланған қылмыскер Kaspi Bank бөлімшесінен шамамен 23 миллион теңгені қолды қылды
Өлгендер қатарына қосылған шымкенттік өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр