Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда өз кінәсін мойындамаған қылмыскер сот отырысында тамырын кесіп жіберді

Атырауда сот отырысында өзінің туысын өлтірген ер адамның ісі қаралды.

914769_3

Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскер 76 жастағы зейнеткерді құбырмен ұрып өлтіріп, оның бар ақшасын алып кеткен, деп жазады atpress.kz.

Айыпталушыны 16 жылға бас бостанығынан айырды. Қылмыскер өз кінәсін мойындамай, сот отырысында өз тамырын кесіп жіберді.

«Сот күзетшісі Мейрам Жұбанов тамырын кескен айыпталушының қолын белдігімен байлап, қан ағуын тоқтатты. Кейіннен жедел жәрдем қызметін шақырды. Оның батыл әрекетінің арқасында ер адам аман қалды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта үкім заңды күні енді. Ал, сот күзетшісі батыл әрекеті үшін марапатқа ие болды.

Тағы да оқыңыз:

Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері хәл үстінде жатыр

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Қазақстандық компания креслодан бас тартып жұмысты тұрып істеуде (фото)

Талқылау