Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қоқыс арасынан нәрестені тапқан азамат мән-жайды баяндап берді

Атыраудағы «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны нәрестені қалай тапқанын айтып берді, деп хабарлайды «Мой Город».

Атырауда 7 қараша күні түнде қоқыс шелегінен жаңа туған нәресте табылған еді. Абырой болғанда, қоқыс төгуге шыққан ер адам қоқыс арасында сәби жатқанынбайқап қалған. 

“Дауыс шыққан жаққа құлағымды тосып, мұқият тыңдап тұрдым. Балаларым мысықтың даусы екенін айтқан. Бірақ мен сәбидің даусы екенін бірден білдім. Жарық жағып қарап едім, шынында да сәби жтыр. Үсті-басы қан, кіндігі де кесілмеген. Қоқыстан баланы алып шықтым. Сәбиді күртешеме орап, үйге алып келдім. Әйелім оны құшағына басып, жылытуға тырысты», – дейді «Нұрсая» шағын ауданындағы 64-үйдің тұрғыны Шаттық Нұрадинов.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда ет бағасы 16%-ға қымбаттады

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Талқылау