Атырауда жүздеген адам марқұмның балаларды зорлағаны үшін сотталғанын білмей, жаназасына қатысқан

Атырауда түзеу мекемесінде болған жанжал салдарынан қаза тапқан сотталғанмен қоштасу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайыққа сілтеме жасап хабарлайды.
22 наурызда Атырау облысындағы бір колонияда сотталғандар арасында жанжал болып, соның салдарынан 51 жастағы тұтқын қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ер адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 25 наурызда Иманғали орталық мешітінде өтті. Куәгерлердің айтуынша, жаназа намазына жүздеген адам жиналған. Ал жаназаға келгендердің көбі оның қандай қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқанын білмеген көрінеді.
Дұғадан кейін қаладағы ірі банкет залдарының бірінде ас берілген. Кейін марқұмның денесі туған жері – Жылыой ауданының Құлсары қаласына жеткізіліп, сол жерде жер қойнына тапсырылған.
Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан ер адам аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан. Сот оны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды зорлау”) және 124-бабы 4-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды азғындату”) бойынша кінәлі деп таныған. Ал жәбірленуші ретінде оның 5 және 8 жастағы өгей екі баласы танылған. Сот оған 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сондай-ақ дереккөздердің мәліметінше, өлі табылған Дабыл Жәрдемұлы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің алыс туысы. Ол әкімнің туған інісі емес. Сондықтан олардың тегі мен әкесінің атының әртүрлі.
Атырау әкімі туралы не белгілі?
Шәкір Кейкин 1970 жылы Атырау облысының Жылыой ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын “тау-кен инженері” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсарыда бастап, “Теңізмұнайкомплект” компаниясында брокер болып жұмыс істеген. Кейін әртүрлі қызметтер атқарған.
Ол 2023 жылы Атырау қаласының әкімі болып тағайындалған. Қазір 56 жаста – Дабыл Жәрдемұлынан бес жас үлкен.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді