Атырау тұрғыны әйелді қағып, оны қансыраған күйі тастап кеткен
Атырау тұрғыны жеке көлігімен әйелді қағып, оны қансыраған күйі тастап кеткен.
Атырау қалалық № 2-сотының тергеуші судьясы ағымдағы жылдың наурыз айында ғана түрмеден босап шыққан азамат С.-ға қатысты оны 2 ай мерзіміне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні сағат 10.30-да Жұмыскер кентінде “ВАЗ 21074” көлігін басқарып келе жатып, 1962 жылы туған әйелді қағып кетті.
Кейін жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытты. Әйел алған жарақаттарынан сол орында көз жұмды. Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты
Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Талқылау