Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше той: Атырау облысында үйлену тойы кезінде көкпар тартылып, балуандар белдесті

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында үйлену тойы кезінде көкпар тартылып, ат жарыстырылып, балуандар белдесті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Атырау облысында ерекше үйлену тойы өткізіліп, той кезінде көкпар тартылып, балуандар белдесті

Жангелдин ауылында Темірбек пен Қымбаттың үйлену тойы ерекше өтті. Той кезінде мектеп оқушылары арасында қазақ күресі ұйымдастырылды. Ал ересектер арасында түйе балуандар белдесуі, тай жарысы мен көкпар тартысы тәрізді ұлттық ойын түрлері өткізілді.

Оқушылар арасында өткен қазақ күресінде Атанияз Дәлубайдың бағы жанса, екінші орынды Ақжол Жәрдемғали, үшінші орынды Нұрхат Жылқыбаевқа иеленді.

Ал ересектер арасында Нұрбек Егінбаев жеңіске жетіп, «Түйе балуан» деген атаққа ие болды.

Мұнан кейін ат жарысы өткізілді. Тартысты додада Азат Рашидтің аты бәйгеден озып келді.

Сондай-ақ, көкпар тартылып, ойын тартысты өтті. Көкпарға 3 команда қатысып, нәтижесінде «Сұңқар» тобы жеңді.

«Біз достарымызбен ақылдастық. Мұндай шараны халқымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлерін, салауатты өмір салтын насихаттау үшін ұйымдастырып отырмыз. Біздің ойымызша, ұлттық спорт ойындарын белгілі бір мерекелерде ғана емес, түрлі тойларда, ас берулерде ұйымдастырып тұруға болады. Сонда  жеткіншектердің ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылығы арта түседі», – дейді ерекше тойды ұйымдастырушы Асхат Есенқұлов.

Оқи отырыңыз:

Хакерлер қазақстандық Wi-Fi роутерлерге оңай шабуыл жасай алатын болып шықты

Астана орталығында 500 домбырашы Құрманғазының әйгілі күйлерін орындады (видео)

Бауыржан Байбек: Біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисіне айналдырамыз

АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады (видео)

Талқылау