Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлер қазақстандық Wi-Fi роутерлерге оңай шабуыл жасай алатын болып шықты

Қазақстандық Wi-Fi роутерлерге хакерлер оңай шабуыл жасай алатын болып шықты.  Компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметінің мамандары осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды KZ-Cert баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Хакерлер қазақстандық Wi-Fi роутерлерге оңай шабуыл жасай алатын болып шықты

Миллионнан аса GPON Home роутердің RCE аталатын осал тұсы табылды. Бұл дегеніміз роутерді қашықтықтан басқаруға болатынын аңғартады.

Өз кезегінде киберқылмыскерлер сәйкестендіруді (шынайылығын тексеру процесі) тексерудегі қателік арқылы үйдегі Wi-Fi-ды қашықтықтан басқаруға қол жеткізе алады. Оны құрылғыға қол жеткізген кезде браузер тармағындағы URL мекен жайды өзгерту арқылы жасауға болады.

«Қазақстандағы байланыс операторларының   GPON-бағдарлауыштарын тексергеннен кейін, олардың көбінің осындай осал тұсы табылды. Оны пайдаланы барлық желінің абыройына дақ түсуіне, сонымен қатар «қызмет көрсетуден бас тартылады» шабуылының таратылуына әкелуі мүмкін», – делінеді KZ-Cert хабарламасында.

Роутерлердің осал тұсы туралы ақпарат қазақстандық байланыс операторларына жіберілді.

 

Талқылау