Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында әйел өзін ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған келініне кешірім берді

Атырау облысында келінінен таяқ жеп ауруханадан бір-ақ шыққан әйел, сотта оған кешірім берді.

1376377

Фото: Жоомарт Ураимов

Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Таңдай ауылында енесімен ұрысып қалған тұрғын, оны қолымен бетінен ұрған. Қатты соққыдан енесі жерге құлап түсіп, ауруханаға жеткізіледі.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ал зардап шегуші жас келін өз баласының әйелі болғандықтан, оны кешіретінін түсіндірді.

Екі тарап өзара келісімге келгеннен кейін сот істі тоқтатты.

Талқылау