Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Атырау облысында өткен блогқұрылтай кезінде актер Әнуар Нұрпейісовтың сөзін дұрыс таратпағаны үшін облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі кешірім сұрады.

e2bbae5a-a7a6-4c92-9ce1-e48db6a77bab

Фото: Today.kz

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын кезінде актер қазақтар ұлт ретінде жойылады деп емес, жалпы 1000 жылдан соң жер бетінде ұлт деген ұғым болмайды деп айтқан.

Қателік баспасөз қызметі қызметкерінің түсінбеушілігінен туындаған.

Өз кезегінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл мәселеге қатысты, әр ұлт тілі мен мәдениетін сақтап қалатын болса жойылып кетпейді деген пікірді алға тартқан болатын.

“Қателігіміз үшін Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұраймыз”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін актер жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа беретінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды

Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)

КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)

Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау