Атырау әкімінен жауап алынып, үйіне жіберілді – БАҚ

Бүгін Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкинді облыс әкімдігі ғимаратынан алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “АқЖайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің мәліметінше, қала әкімі жиналыс басталар алдында жауап алуға жеткізілген. Ол қылмыстық іс аясында тергеліп жатқан болуы мүмкін.
Материал жарияланған сәтте ҰҚК департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Атырау облысы әкімдігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Сондай басылым жауап алудан кейін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин үйіне жіберілгенін хабарлады.
Оның процессуалдық мәртебесі мен тергеу әрекеттерінің нәтижесі туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған еді.
“Тергеуді ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр. Іс материалдарында әңгіме 40 миллион теңгеге қатысты екені және екінші күдікті бар екені белгілі. Дереккөздердің хабарлауынша, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан”, – делінген ақпаратта.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен облыстық прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген.
Мейіржан Мұқасов Атырау облысының тумасы, 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қалалық ТКШ бөлімінде түрлі лауазымдар атқарған, қалалық бөлімді басқарған, кейін облыстық қаржы басқармасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасын басқарған.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Оқыңыз