Атом өнеркәсібіне білікті мамандар даярлау: "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы саланың дамуы үшін түрлі гранттар мен бағдарламалар ұсынады
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ елімізде атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға үлес қосуда. Компания уран өнеркәсібіне қажетті мамандар даярлауда қолдау көрсетіп, түлектерге “Murager” және “Izbasar” атты бағдарлама ұсынды. Бұл арқылы студенттер грант ұтып, ақылы тағылымдамадан өтуге тіпті жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Компания әрқашан адами капиталды дамытуға және жас мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп келеді.
Биыл Қазақстанда алғаш рет Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) базасында "Уран өндірісі" атты бакалавриат бағдарламасы ашылады. Бұл арнайы академиялық бағдарлама Қазатомөнеркәсіп мамандары мен университеттің жетекші оқытушыларының белсенді қатысуымен атом саласының ерекшелігі мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Бағдарлама арқылы студенттерді қабылдау биыл басталады. Компания осы арқылы атом өнеркәсібі саласында елімізде дипломы бар, білікті мамандардың санын көбейтуді мақсат етеді.
Қазатомөнеркәсіп саланың кадрлық әлеуетін қалыптастыру және қолдау мақсатында “Murager” және “Izbasar” атты корпоративтік бағдарламаларының жаңа легін іске қосаты.
“Murager” бағдарламасы 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Ол жастарға сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында Қазатомөнеркәсіп білім гранттарын:
- Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы талапкерлерге;
- Колледж түлектеріне және ЖОО-ның 1, 2, 3-курс студенттеріне ұсынады.
Басымдық атом саласына бейінделген: уран өндіру және өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, ғылыми зерттеулер, энергетика, экология және қоршаған ортаны қорғау бағыттарына беріледі. Бағдарламаға өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады. MURAGER бағдарламасы жүзеге асырылған екі жылдың ішінде 53 грант берілген.
Ал 2020 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Izbasar бағдарламасы жоғары оқу орындарының талантты түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған. Бағдарлама аясында Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында 5 айдан 3 ротация қарастырылған. Оған сыртқы үміткерлермен қатар, компаниядағы жас мамандар да қатыса алады. Үміткерлердің мамандықтары:
- уран өндіру және өңдеу;
- геологиялық барлау;
- ядролық отын циклі;
- ғылыми зерттеулер;
- IT және киберқауіпсіздік;
- экология және қоршаған ортаны қорғау;
- HR және маркетинг;
- экономика және қаржы бағыттармен байланысты болуы тиіс
Қазатомөнеркәсіп бағдарламаға қатысушылардың тағылымдамасына ақы төлейді. Бұл жас мамандар үшін керемет мүмкіндік әрі елеулі артықшылық. Izbasar бағдарламасын осы уақытқа дейін 40 адам сәтті аяқтап, олардың көпшілігі Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында жұмысқа орналасқан. Бағдарламаға өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады.
Қазатомөнеркәсіп білім беру мен жас буынды дамытуға өз үлесін қоса отырып, білікті кадрлар резервін қалыптастырып, Қазақстан мен бүкіл атом саласының стратегиялық болашағына инвестиция салуды жалғастыруда.
Қазатомөнеркәсіп – 2024 жылы әлемдік табиғи уран өндірісінің шамамен 21%-ын өндіретін, әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Кәсіпорынның ең ірі уран қоры бар. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында 14 кәсіпорын арқылы 27 кен орны жұмыс істейді. Компания өндірісте жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясы, сондай-ақ ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарды қолданады. Сол арқылы уран өндіру кезінде денсаулық сақтауға, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударады. Компанияның негізгі клиенттері – атом электр станцияларының операторлары, экспорт нарықтары – Азия, Америка және Еуропа.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
