Атом электр станциясы туралы мәселе референдумда талқыланбайтын болды
Атом электр станциясы (АЭС) туралы мәселе референдумда талқыланбайтын болды. Бұл туралы бейсенбі күні сенат отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Референдум жоқ, бұл мәселе референдумда талқыланбайды. Мәселе оның орналасатын жеріне, алаңның аймағына қатысты болып тұр. Бұл бірінші сұрақ. Екінші мәселе, ең маңыздысы, технология және қаржылық-экономикалық модель – қалай әсер ететініне қатысты”, – деді журналистердің сауалына жауап берген Нұрмағанбетов.
Тілшілер вице-министрден "Росатом" бұл жағдайда өз мүддеcін ойлап тұрған жатқан жоқ па деп сұраған.
“Ешкім де өзінің мүддесін ойламайды, барлық компаниялар ынтымақтастықты іздейді. Корейлік компания да келді, жақында олармен үлкен келіссөздер жүргізілді, Қытайда да қазір осы мәселе бойынша ұсыныстарды күтіп отырмыз”, – деп түсіндірген Нұрмағанбетов.
- Қазақстанда екінші АЭС салу қарастырылуда
- Түркия ядролық державаға айналды: Әлемдегі ең үлкен атом станциясының құрылысы қалай жүріп жатыр
- "Жобаны салуға 8 жыл уақыт кетеді": Премьер-министр қазақстандықтарды АЭС-тен қорықпауға шақырды
Сондай-ақ журналистер атом электр станциясының уақыты мен орны 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шешілуі тиіс екеніне назар аударған. Вице-министр мәселенің әлі шешімін таппағанын айтады.
“Заңнамаға сәйкес мәселе қоғамдық тыңдауда, Алматы облысының мәслихатында. Мүмкін кейбір жерде жетіспеушіліктер бар шығар. Қалай болғанда да, қазір бізге тағы да жаңа министр келді, бірақ біз бұл мәселені талқылап жатырмыз. Сұрақтар өте көп, біз бәрін талқылап жатырмыз”, – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу қажет болса, бұл мәселе референдумға шығарылатынына уәде берген болатын.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған