Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы трансгендер Амилай қамауға алынды

Трансгендер Амилай ұсақ бұзақылық үшін істі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/amilai_vip/

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын трансгендердің Алматыда белгісіз жігіттермен төбелесіп жатқаны туралы видео таралған еді. 

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталған. 

Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады.

Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді.

Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды. Ол 11 желтоқсанда сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.



Еске салайық, трансгендер Амилайдың әскерге баруына қатысты қорғаныс департаменті пікір білдірген еді. 

Бұған дейін трансгендер Амилайдың әскерге шақырту алғанын жазған едік. 

Талқылау