Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің екінші жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды

“Біріккен күрес әлемі" (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің екінші жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атыраудағы дүбірлі доданың екінші жарыс күнінде грек-рим күресінен 60,67, 77, 87 және аса ауыр салмақтағы балуандар сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс қырғызстандық балуан Ақыл Сулаймановқа бұйырды. Оның қарсыласы Ғалым Қабдынасаров жарақатына байланысты финалдық жекпе-жекке шықпады. 67 келіде де жеңіс Қырғызстан өкіліне бұйырды. Финалда Разак Бейшекеев Диас Сайлауовтан басым болды. 77 келіде салмақ дәрежесіндегі алтынды этникалық қазақ  Адлет Тюлюбаев иеленді. Ол шешуші жекпе-жекте Тамерлан Қаратайды ұтты. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының қола жүлдегері Азамат Құстыбаев чемпион атанды.  Аса ауыр салмақта қырғызстандық балуан Эрлан Манатбеков финалда Асылбек Әбдіқалықовты жеңіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Oil Capital Cup турнирінің алғашқы жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталғанын жазған едік. 

Талқылау