Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің алғашқы жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды

“Біріккен күрес әлемі" (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің алғашқы жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Атыраудағы дүбірлі доданың алғашқы жарыс күнінде 55, 63, 72, 82 және 97 келідегі балуандар сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. 55 келіде Марлан Мұқаешев қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанса, 63 келіде Мейрамбек Айнағұлов топ жарды. Ал 72 келіде Әділхан Сатаев финалда қырғызстандық балуаннан басым түссе, 82 келіде Альмир Төлебаев қарсылас шақ келтірмеді. Ал 97 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Қорғанов қырғызстандлық Нұрманбет Раймалыулунан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық балуандар топ жарды. Жеңімпаздарға мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. 

Айта кетейік, 17-20 қыркүйек аралығында өтетін жарысқа Қырғызстан мен Әзербайжанның құрамалары да қатысып жатыр.  

Талқылау