Атырауда зиратты қорлады деген күдікпен мектеп оқушылары ұсталды
Фото: КТК телеарнасынан скрин
Атырау облысында Еркінқала маңындағы зиратты бүлдірген үш жасөспірім ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысында Еркінқала ауылының маңындағы зиратқа жасалған вандализм фактісі бойынша полицейлер дереу сотқа дейінгі тергеу бастады. Марқұм туысының қабіріне келген тұрғын сынған құлпытастарды, қираған қоршауларды және жерге қадап кеткен металл айшықтарды көріп, полицияға хабарлаған.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар кәмелетке толмаған үш жасөспірім. Тергеу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.
"Қазір көзделген барлық тергеу әрекеттері орындалып жатыр. Жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Тергеу барысында олардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады", – деп хабарлады полиция.
"Біздің халық бірден бүлдіреді": Алматыдағы жаңа музей вандалдардың қолынан зардап шекті
Алматыда зираттан ескерткіштер мен қоршауларды тиеп алған жүк көлігі тұрғындарды шошытты
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Саты ауылында жергілікті тұрғын “дінімізге қайшы” деген себеппен зиратты қиратып, құлпытастарды сындырып кеткені анықталды. Желіде тараған видео ауыл жұртының ашуын туғызды. Полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның радикалды ағымдарға қатысы жоқ екені алдын ала анықталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік