Атыраулық жігіттер арасында болған атыс бір адамның өліміне әкеліп соқты
Атырауда 21 қазан күні таңертең жас жігіттер арасында атыс болып, қақтығыс барысында 21 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қақтығыстың 17 және 18 жастағы тағы екі қатысушысы оқтан жарақат алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.
- Пышақ алып, түнде бөлмесіне баса-көктеп кірген: Қарағанды жатақханасында студент курстасын өлтірді
- Ақтау әуежайында төбелескен такси жүргізушілерінің видеосы тарады
"102 пультіне қоңырау 04:14-те түсті. Жәбірленуші қазір облыстық ауруханада жатыр. Қақтығысқа қатысы бар барлық адамдар анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (Кісі өлтіру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде