Атырауда тракторшы мектеп қақпасын бұзып кеткен: Қылмыстық іс қозғалды
Атырауда тракторшы салынып жатқан мектептің қақпасын бұзып, көлікке зақым келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Атыраулық тракторшының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды", – делінген хабарламада.
Мәліметтерге сәйкес, 51 жастағы тракторшы мас күйінде салынып жатқан мектептің қақпасын бұзып, Chevrolet Onix көлігіне зақым келтірген. Ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі