Атырауда блогер кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалап, дүкеніндегі азық-түлікті тегін алған (видео)
26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ол азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.
Қазір күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция басқармасы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауын сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте екі экс-тергеуші модель қыздардың ашық суреттері мен видеоларын ата-анасына көрсетемін деп бопсалап, 300 мың теңге сұрағанын жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"