Атырауда полицейдің зейнеткерді өз үйінен көтеріп алып шыққаны түсірілген видео тарады

Желіде Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қарияны полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері көтеріп алып шыққан сәті түсірілген видео тарады. Жағдайға денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 07:02-де жедел жәрдем қызметіне науқастың көршісі хабарласқан. Себебі 70 жастағы зейнеткердің жағдайы күрт нашарлаған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы әйелдің ауыр психоэмоционалдық күйде болғанын және агрессивті мінез танытқанын анықтаған. Медициналық көмек көрсету барысында науқас фельдшерді теуіп, екіншісін қолымен ұрған.
Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілінді: Қария көз жұмған (видео)
"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Денсаулық сақтау басқармасында медицина қызметкерлеріне қатер төнген кезде, полиция шақыру міндетті саналады. Осыған байланысты фельдшерлер құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Сонымен қатар, мұндай күйдегі адамды үйде бақылаусыз қалдыруға болмайды деген шешім қабылдаған.
Басқарма мәліметінше, полиция келгенше қария мазасыз күйде болған. Кейін полиция қызметкерлері зейнеткерді қолына көтеріп, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.
Денсаулық сақтау басқармасы кіреберісте науқасты алып шығу кезінде барынша қауіпсіз тәсіл қолданылғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайдағы уақытша бейімдеу орталығының қызметкерлері 61 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік. Соққылардан ер адамның оң бүйрегі жыртылып, бүйрегін алып тастауға тура келген.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шарты дегеніміз не, оны жасау шынымен тиімді ме