Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Атырауда NCOC компаниясының менеджерін өлтірген күдікті қамауға алынды

Фото: Linkedin/Бибігүл Шпанова

Атырауда тергеу соты элиталық тұрғын үйде NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанованы қатігездікпен өлдірді деп айыпталған сантехникті тергеу изоляторына қамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марқұмды жақындары жер қойнына тапсырып, ас берілді. 

NCOC компаниясы қызметкердің қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтып, кінәлілердің жазаланатынына сенетінін жеткізді.

“2002 жылдан бері Оператор ұйымында еңбек етіп келген Бибігүл – өзінің ісіне адал, әріптестерін позитивпен шабыттандыра алатын құнды қызметкер болды. Бибігүл – жоғары кәсіби және талантты басшы. Оның білімі, тәжірибесі мен ісіне адалдығы ешқашан ұмытылмайды. NCOC компаниясы бұл қазаға қайғырып, Бибігүлдің отбасына шын жүректен көңіл айтады. Мемлекеттік органдар бұл сұмдық қылмысты мұқият тергейтініне сенімдіміз. NCOC бұл іске байланысты тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайын”, — деп мәлімдеді компания.

Қайғылы жағдай бірнеше күн бұрын болған. 46 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті өз пәтерінен табылды. Ол – NCOC компаниясының игеру жоспарын жоспарлау бөлімінің менеджері болған. Тергеу мәліметінше, қылмысқа 37 жастағы сантехник күдікті ретінде танылды. Сантехник марқұмның үйіне техникалық қызмет көрсетуге барған. 

Бұған дейін Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелдің құнды заттарын ұрлап, өлтіріп кеткені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 08:26
Талқылау