Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мемлекеттік Туды теріс ілгендер айыппұл арқалады

атырау туФото: Видеодан скрин

Атырау қаласының орталығындағы басты тутұғырда мемлекеттік Ту теріс ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қате ілінген тудың суреттері мен бейнежазбалары қала тұрғындарының чаттарында және әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Атыраулықтар мұны мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік деп бағалады. Куәгерлердің айтуынша, ту сол күйі бірнеше сағат бойы ілініп тұрған.

"Жолдан өтіп бара жатып, тудың дұрыс ілінбегенін байқадым. Қазір түзетеді деп ойладым, бірақ ол солай ұзақ тұрды", – деді қала тұрғыны.

Тутұғыр – қалалық әкімдік балансына тиесілі нысан. Алайда тұрғындар оның жағдайына жауапты қызметкерлердің салғырттығын атап өтті. Әлеуметтік желіде қызу талқылаудан кейін ту алып тасталды. Дегенмен пайдаланушылар кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды талап етті.

"Бұл – жай ғана мата емес, елдің символы. Мұндай жағдай елеусіз қалмауға тиіс", – деп жазды атыраулықтар.

Жарияланған сәтте Атырау қалалық әкімдігінен ресми түсініктеме түспеген еді.

"17 қазанда ту көтеру кезінде мердігер ұйымның қызметкерлері техникалық қате жіберіп, туды керісінше іліп қойған. Бұзушылық дереу анықталып, ту талапқа сай қайта ілінді. Бұл жағдай бойынша мердігер ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", – делінгін әкімдік жауабында.

Аталған бапқа сәйкес мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Дәл осындай айыппұл Ту ілу кезінде қате жіберген қызметкерге қолданылған.


Қазақтың ұлттық бұйымдары қытайлық маркетплейстерде заңсыз сатылып жүр


Түркия туы ілінген бағанада билеген шетелдік турист бас бостандығынан айырылмақ


Еске салайық, бұған дейін 17 қазанда Атырауда облыстың басты ту тұғырында мемлекеттік Ту қате ілініп, бірнеше сағат бойы теріс тұрған. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдардан кейін жағдай көпшіліктің ашу-ренішін тудырған еді.

 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 10:44
Талқылау