Атырауда “қыз алып қашып”, пранк түсірген үш жігіт айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com
Атырауда “қыз алып қашып”, пранк түсірген үш жігітке айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, 14 қазанда пранк түсіру үшін үш жігіт бір қызды күштеп көлікке отырғызған, ал қыз қатты айқайлаған. Оқиға мейрамханада маңында, көпшілік жиналған жерде болған. Өз әрекеттерімен олар азаматтардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен.
"Дәстүр емес, қылмыс": Бас прокуратура қыз алып қашу жөнінде мәлімдеме жасады
Ташкент метросындағы даулы пранк: Қазақстандық блогер әрекеті үшін жауапқа тартылды
Үш жігітке де “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айып тағылған. Айыпталушылардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, суретпен, видеомен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.
“Сот қаулыларымен айыпталушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда некеге мәжбүрлеп, қыз алып қашқандарды 10 жылға дейін бас бостандығын айыратын заң күшіне енгені туралы жазған едік.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
