Атырауда келіншектер перзентханада тарақан мен қандала барын айтып шағымданды
Атырауда жүкті әйелдер модульдік ауруханадағы антисанитариялық жағдайға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Атыраулық әйелдердің перзентханадағы палаталарда тарақандар мен қандала барын айтады. Босануға келген келіншектер палатаның мұндай жағдайына наразы. Олар жұқпалы ауру жұқтырып аламыз деп қорқады.
Видеода жәндіктердің бөлменің едені мен қабырғаларында жорғалап жүргенін көруге болады.
Осыған орай Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы ресми түсініктеме берді.
"Күннің күрт жылынуына байланысты жәндіктер санының күрт көбеюі байқалды. Тиісті қызметтер дереу тексеру жүргізді. Мекемеде санитарлық талаптарға сай залалсыздандыру жүйелі жүргізіліп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта дезинсекциялық шаралар одан әрі күшейтілді: ішкі үй-жайлар мен аурухананың аумақтары тазартылып, санитарлық жағдай толық сақталған. Мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.