Атырауда ер адам никаб киген қызды соққыға жыққан (видео)

Фото: видеодан скриншот
Желіде ер адам никаб киген қызды ұрып жатқан сәтінен видео тарады. Желі қолданушыларының жазуынша, бұл жағдай Атырау қаласы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның әйелді бірнеше рет ұрып, басынан тепкенін байқауға болады. Әйел соққыдан құлап қалса да, ер адам оны ұрып-соқан. Кейін ештеңе болмағандай кетіп қалған.
Фото: коллаж
Полиция департаменті бұл жағдай бойынша әзірге түсініктеме берген жоқ. Желі қолданушылары полицейлерден жедел шара қолдануды талап етіп отыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді