Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда емші 9 жастағы қыздан “жын шығармақ” болған: Оқу-ағарту министрлігі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрлігі желіде тараған 9 жастағы қызға “жын шығару” рәсімін өткізіп жатқаны түсіріліген видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Видеоға қатысты оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады.

"Атырау облысындағы оқиғаға қатысты. Бұлай болмауы қажет. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды", – делінген хабарламада.

Министрлік қазіргі уақытта балаға қажетті барлық көмек, оның ішінде кәсіби психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады. Оқиға орнында облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеуде.

"Баланың денсаулығы қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен ережелерді сақтау қажеттігін еске салады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде атыраулық емшінің кәмелет жасқа толмаған балаға “жын шығару” рәсімін өткізіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

Талқылау