Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен ер адамға сот үкімі шықты

Фото: Әлеуметтік желіден

Атырауда бұрынғы әйеліне қастандық жасап, кеңсесінде қатігездікпен өлтірген ер адам 15 жылға сотталды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Instagram желісінде сотталушы мен оның бұрынғы әйелі арасында жанжал шыққан. Ұрыс-керістен кейін ер адам қалтасына пышақ салып, әйел жұмыс істейтін емханаға барған. Ол әйелдің кеңсесіне кіріп, алдымен оған жұдырық жұмсаған, кейін әріптесі көмекке кеткен сәтте мойны мен кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Әйел есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған.

Сотталушы кінәсін тек жартылай мойындады. Адвокаты істі жеңілірек бапқа — "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қайта саралауды сұрады. Алайда сот қылмыс қоғамдық орында, аса қатыгездікпен және кек алмақ мақсатта жасалғанын ескерді.


Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған


Қазақстандық әйелінің қызметі жоғарылатылғанын көтере алмай, оның басшылығына жағымсыз хат жазған


Нәтижесінде сот сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Сондай-ақ марқұмның туыстарына моральдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті деген күдікке ілінген еді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 08:39
Талқылау