Атырауда баскетбол алаңында 13 жасар бала қайтыс болды

Атыраудағы AiRom Arena спорт кешеніндегі баскетбол алаңында 13 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай 8 қаңтарда болған.
Атырау облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Спорт кешеніндегі медбике жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Бірақ бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
15 жастағы қазақстандық жарыста мойнын сындырып, комаға түсті (видео)
Басылымның мәліметінше, балада жүрек жеткіліксіздігі болған. Бірақ жедел жәрдем қызметінде тіркелмеген.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде қазақша күрестен жаттығу кезінде 15 жастағы жасөспірім көз жұмғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды