Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйел жүргізуші куәлігі жоқ жігітті қуған полицейлерге кедергі жасады (видео)

Атырауда әйел жүргізуші куәлігі жоқ жігітті қуған полицейлерге кедергі жасады (видео)Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында полиция жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған 18 жастағы жігіттің соңына түсті. Алайда 57 жастағы әйел полицияны бөгеп, жігітке ізін суытуға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 наурызда Атырау облысы Исатай ауданында 18 жастағы жігіт Lada Priora көлігімен полициядан қашқан. 

“Жүргізуші ұсталды. Кейін оның тіпті жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды. Құжатсыз көлік басқарып, құқық қорғау органдарының талабына бағынбағаны үшін сот оған 10 тәулікке қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті. 

Сондай-ақ 57 жастағы әйел полицияның жолын бөгеп, қақпаны жапқаны үшін жауапқа тартылды. Ал көліктің иесі жүргізуші  де куәлігі жоқ адамға автокөлікті басқаруға бергені үшін жазаланды.

Құқық бұзушылық жасаған 18 жастағы азаматтың оқу орнына профилактикалық шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолданған.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 10:57