Атырауда әйел әпкесінің атына несие ресімдеп, оны пышақтап, артынша өзіне қол салған
Атырау облысында әйел әпкесінің атына жасырын түрде онлайн-несие ресімдеп, артынша оны соққыға жыққан. Осыдан соң қаскөй өз-өзіне қол салған көрінеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay
Оқиға Құрманғазин ауданы Жалғызапан ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, әпкесінің атына онлайн несие алуға өтініш берген әйел оның үйіне кіріп, пышақтаған да, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктінің денесін бірнеше күннен кейін қараусыз қалған құдықтан тапты.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, әпкесінің қолынан зардап шеккен әйелдің полицияға арыз жазғанын хабарлады.
“Жәбірленуші оның сіңлісі оған шабуыл жасағанын айтты. Сөзінше, ол жасырын түрде оның атына несие алып, кейін оның үйіне кіріп, ұрып-соғып, үйді өртеп жібермек болған. Оқиғаға байланысты "Қорқыту арқылы өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.