Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда аквапарктегі балалардың улануы: Суда хлор мөлшері жеткілікті шектен асып кеткен

балалар уланған аквапарк

Фото: Видеодан скрин

Атырауда 13 бала уланған “Palma” аквапаркіндегі су сынамаларының алғашқы нәтижелері шықты. Талдау кезінде судағы хлордың мөлшері шектен тыс жоғары екенін расталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тоғыз жерден ауа мен су сынамаларын алған.

“Ауадан алынған сынамаларда хлордың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу дерегі анықталған жоқ. Ал судағы хлор мөлшері нормадан жоғары болған. Хлордың шектен тыс мөлшері ересектердің де, балаларға арналған бассейнде де тіркелді”, – делінген хабарламада.

Қазір мамандар жағдайды егжей-тегжейлі анықтау үшін микробиологиялық зерттеулер жүргізіп жатыр.

Осыдан екі күн бұрын Атыраудағы Palma аквапаркінде 13 бала уланып, ауруханаға жеткізілді. Бассейнге келгендер өткір тұншықтырғыш иісті сезген, ал кейбірі бір мезетте құсып, қатты жөтел басталған. Үш бала ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түсті. Қазір олардың жағдайы жақсарған, десе де әлі дәрігерлердің бақылауында.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 08:42
Талқылау