Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне қақпа құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқыс оқиға 8 қазан күні болған. Сегіз жасар қыздың үстіне қақпа құлап, бүлдіршін ауыр бас ми жарақатын алған.

Мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"8 қазанда болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс ”қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету” бабы бойынша қозғалған. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада үстіне футбол қақпасы құлап кеткен 10 жасар баланың көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Талқылау