40 жыл еден жуушы болып жұмыс істеген: Қазақстандық зейнеткер TikTok арқылы бір жылда 10 миллион теңге табыс тапты
Атырауда TikTok-тың жұлдызына айналған зейнеткер бір жылда 10 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
70 жастағы Хадиша Аймұхамбетова желіде "Батыстың әжесі" лақап атымен танылған. Әлеуметтік желіге кіріп, батл ойнау – қарияның күнделікті жұмысы. Бір жыл бұрын желіге тіркелген зейнеткер бір жылда 10 миллион теңге табыс тауып, жаңа баспана алған. Қарияға телефонның тілін ұлы үйреткен екен.
“Бос уақытым болса, балалармен жарысып TikTok қараймын. Әр қызық рилстарды жібермеймін. Ұлым айтты, мама сен стрим аш деп. Құрсын не айтамын дедім. Қазақшаға жақсымын. Сосын бір жылда батл ойнап, ақша тауып отырмын. Бүкіл шетелмен ойнаймын. Жалпы қазақтармен көп ойнамаймын”, – дейді блогер әже Хадиша Аймұхамбетова.
@batistinajesi ♬ оригинальный звук - 🇰🇿Батыстың🔥Әжесі🔥
"TikTok-та үш рет рекорд орнатқан": Түрмеден шыққан Мұрат Әбділда бір күнде миллионер атанды
Қазір "Батыстың әжесі" лақап атымен көпке танылған зейнеткердің TikTok-тағы оқырмандарының саны 100 мыңға жақындап қалған. Оқырмандарының көбі шетелдіктер екен. Қария өзінің құрбыларын да осы әлеуметтік желіге тартып жүргенін айтады. Алайда қатарластары эфирге шығуға ұялады екен.
“Шетелден көп дос таптым. Тәжікстаннан, Армения, Украинадан. Басқа оқырмандарымда сол жақтан. Бәрі мені қолдайды. Қазақтар да осал емес. Қазақта үлкенді, әжені сыйлайтындар бар ғой. Бәрі сыйлайды ғой. Барлық тілін меңгеріп алдым. Сауатым бар. Өз замандастарымды да осыған баулып жүрмін”, – дейді блогер әже.
@batistinajesi ♬ оригинальный звук - 🇰🇿Батыстың🔥Әжесі🔥
Хадиша Аймұхамбетова TikTok-тан тапқан ақшасын үш немересіне жұмсайды екен. 40 жыл бойы еден жуушы болып жұмыс істеген әже қазіргі кәсібім өзіме ұнайды дейді. Тіпті, ол эфирге кіру үшін арнайы орын дайындап, бөлме жабдықтап та қойған.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада көлік жүргізушісі TikTok-тағы видеосы үшін қамауға алынған еді.