Атырауда 44 күннен бері табылмай жатқан 23 жастағы аруды іздестіру жұмыстары тоқтады
Атырауда денесі 44 күннен бері табылмай жатқан 23 жастағы Яна Легкодимовоны іздеу жұмыстары аяздың салдарынан тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Яна18 қазанда жоғалып кеткен еді. Полиция департаменті 23 қазан күні таңертең қыздың өлтірілгенін және оның денесі өзенге тасталғанын анықтады. Іс жүзінде 24 және 25 жастағы екі ер адам күдікті ретінде ұсталды. Олар қылмыстарын мойындады. Қала тұрғынының жоғалып кету фактісі бойынша "адам ұрлау" және "кісі өлтіру"баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Янаның денесін 22 қазаннан бастап іздеу басталды. Оны іздеуге полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен еріктілер қатысқанымен нәтижесіз болды. 44 күндік іздеуден кейін Янаның денесі табылмады. Енді аяз басталғандықтан іздеу жұмыстары тоқтатылды.
Ал Янаның анасы Галина Легкодимова іздеу шаралары қанағаттанарлықсыз жүргізілгенін жеткізді.
"Іздеу жүргізілген жерге бірнеше рет келдім. Жағалауда шамамен сегіз көлік болды. Қайықтар жағаға бекітілді. Әрекетсіздік үшін қала әкімдігіне де шағым жаздым. ТЖД-ға да хат жіберілді. Осыдан кейін мені бір күнге өздерімен бірге шығарып, жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті. Олар барлық жерді тінтіп іздеп жатқандарын айтады. Алайда нәтиже жоқ. Ал кеше маған іздеудің тоқтатылғаны туралы хабарланды", - деді анасы.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған