Алматыда 13 жасар қызды зорлап, ВИЧ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Pixabay.com
Алматыда 13 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты іс шешілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғаушы Ләззат Ракишева жасөспірім қызды зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам ең ауыр жаза алғанын мәлімдеді.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ер адамды аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот айыпталушының диагнозын жақсы біле тұра, баланың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіргенін ерекше атап өтті.
"Қылмыстық кодекстің 118-бабы "АИТВ вирусын жұқтыру" бойынша арнайы қаулы шығарылды. Прокуратура айыпталушының адвокаттары мен ағасын да тергеді. Олар іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалауы мүмкін деген күдікке ілінген", – деп хабарлады Ракишева.
Еске салсақ, Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлап, ВИЧ жұқтырды деген күдікпен ұсталғаны айтылды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді