Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияландыФото: qamqor.gov.kz

Атырау облысында қайын атасы мен енесін өлтірді деген күдікті халықаралық іздеуге берілді. Оның әйелі, марқұмдардың кіші қызы да халықаралық іздеуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.



“Полиция қылмыс жасады деген күдікпен ер адамға және жоғалып кетті деген күдікпен әйел адамға (Ақбаян Мұқанғалиеваға) халықаралық іздеу жариялады”, – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында. 

Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 19:46