Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Атырау облысында тас жолда екі автокөлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992 ж.т., көлік жүргізушісі мен 2001 ж.т., жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінің 1972 ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ал 1971ж.т. Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.
- Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
- Жүргізуші мас болған: БҚО-да 7 жасар қыз жол апатынан қаза тапты
“Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді”, – деді полиция.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден тас жолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларын сұрайды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді