Жүргізуші мас болған: БҚО-да 7 жасар қыз жол апатынан қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 09.00-де болды.
"Жымпиты-Қаратөбе жолының 75-шақырымында 40 жастағы жүргізуші масаң күйде"Лада-2114"автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылған.
"Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Жүргізуші дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді", деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Ибрайымов.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ