Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысында сәби өлімі фактілерін тексерудің нәтижелерін жариялады.

Жүрегі тоқтап қалды: Шымкенттегі перзентханада жаңа туған нәресте көз жұмды

2019 жылдың 9 айында 156 нәресте шетінеді. Тексеру кезінде олардың ауруханаларда инфекциялар, туа біткен ақаулар мен жазатайым оқиғалар салдарынан шетінегені анықтады. Атыраудағы перинаталдық орталықта 98 сәби, тағы 54 бала - басқа медициналық мекемелерде, 4 сәби үйде шетінеген.

«Өлім-жітімнің едәуір өсуі тамыз және қыркүйек айларында байқалғандықтан, осы айларда көз жұмған 42 баланың медициналық құжаттары егжей-тегжейлі зерттелді. 73,4% жетілмей туған балалар. 

Медициналық құжаттар мен гистологиялық материалдардың талдауы тамыз айында Атырау облыстық перинаталды орталықта инфекцияның дамуын анықтады - инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған, бұл аурухана ішіндегі инфекцияның көбеюіне және шала туған нәрестелердегі қатты септикалық асқынуларға әкелді», - дейді сапа және қауіпсіздік бойынша қызметтер комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Осылайша, сарапшылар сәбилердің қайтыс болу фактілерін тексергеннен кейін, 18 тамызда балалар бактериологиялық сепсистен шетінеді. Дегенмен олардың карталарында басқа себептер көрсетілген.

Қыркүйек айында сарапшылар тағы 8 бала өлімі туралы сепсис диагнозын «қайта орнатты».

Жалпы, Атырау облысында жаңа туған нәрестелердің қайтыс болуына әкеліп соқтырған бірқатар проблемалар табылды - аймақтағы медициналық мекемелерді бақылаудың жеткіліксіздігі, кадрлармен әділетсіз жұмыс, кадрлардың жетіспеушілігі, инфекциялық бақылау талаптарының орындалмауы, тозған инфрақұрылым және т.б.

Талқылау