Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында үш жасар балалар көлік жолына шығып велосипед теппек болған

Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында екі кішкентай бала велосипед тебу үшін автомобиль жолында шыққан. Үш жасар балаларлы жол патрулі алып кетуіне тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл оқиға Индер ауданында болған. Жергілікті полицей бақылау камераларын қарап отырып, жол жиегінде үш дөңгелекті велосипедімен екі ұл баланың келе жатқанын байқаған. Ал автокөлік жүргізушілері оларды абайлап айналып өткені көрінеді. Кеейін оларға жақын маңдағы патруль дереу келген. Балаларды алып, ата-аналарын іздеген.

Олардың бірінің анасы үш жасар ұлының досымен аулада ойнап жүріп, кенет жоғалып кеткенін жеткізді. Кейін оларды іздеген.



"Балалардың ата-анасы анықталды. Балалар үйлеріне жеткізілді. Заңды өкілдерімен алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деді Атырау облысы полиция департаменті.

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 12:24