Атырау облысында келін 83 жастағы енесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: vogazeta.ru
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылының тұрғыны өз енесін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кісі өлтіру оқиғасы 27 мамырда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы әйел 83 жастағы енесін пышақтап кеткен. Зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимай көз жұмды.
Аудан әкімі Абат Ақбалашұлының айтуынша, болған жайт ауыл тұрғындарын шошытып отыр.
"Бұған дейін ене мен келін арасында кикілжің орын алмаған. Оқиғаның не себепті болғаны белгісіз. Тиісті органдар айналысып жатыр. Оқиға кезінде күйеуі үйде болмаған. Ерлі-зайыптылардың бес баласы бар. Ең кенжесі бір жарым жаста", – деді ол.
Полиция мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ювеналды полицияның мәліметінше, күдіктінің екі кіші баласы әкесінің келісімімен Атыраудағы сәбилер үйіне уақытша орналастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда келін өзін балағаттаған енесін сотқа бергені туралы жазған едік.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
